Математикалық сауаттылық
1–4-сынып математикасы өмірдегі жағдайларда: сатып алу, уақыт, қашықтық, өндіріс. Тапсырмалардың көбі кесте, диаграмма немесе сызба арқылы беріледі.
Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі: тест неден тұрады, балл қалай есептеледі және екі айда қалай дайындалуға болады — бәрі бір бетте.
Блоктар кезекпен өтеді, әрқайсысының өз таймері бар. Блок ішінде тапсырмалардың арасында еркін ауысуға болады, бірақ келесі пәнге өткен соң алдыңғысына оралу жоқ. Блоктар арасында 5 минут үзіліс, математика мен жаратылыстанудың ішінде — 2 минуттық үзіліс.
1–4-сынып математикасы өмірдегі жағдайларда: сатып алу, уақыт, қашықтық, өндіріс. Тапсырмалардың көбі кесте, диаграмма немесе сызба арқылы беріледі.
Бағдарламаның бес бөлімі: «Мен — зерттеушімін», «Тірі табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы». Сурет пен тәжірибеге құрылған сұрақтар көп.
Ортақ тақырыптағы екі шағын мәтін (әрқайсысы шамамен 115–185 сөз), көбіне көркем әңгімелер. Әр мәтінге төрт сұрақ және екеуін салыстыратын екі сұрақ.
Білу және түсіну: таныс жағдайдағы қарапайым әрекет, мәтінде тура айтылғанды табу.
Қолдану: жаңа, бірақ түсінікті жағдайда екі-үш ақпаратты байланыстыру.
Талдау, жинақтау, бағалау: күрделі жағдай, әртүрлі деректерді және мәтіндерді салыстыру.
Нұсқадағы үлесі: математика мен жаратылыстануда A / B / C — 25 / 50 / 25 %, оқуда — 20 / 60 / 20 %.
ББЖМ — мониторинг: оқушыға баға қойылмайды, «өтті / өтпеді» шегі де жоқ. Балл шкалаланған: әр бағыт бойынша ел орташасы 500-ге тең, тапсырмалардың күрделілігі ескеріледі.
2026 жылы 4-сыныптардың ел бойынша орташа балы — 499: математика 498, оқу 501, жаратылыстану 498.
Есепті теңдеу түрінде жазу, дөңгелектеу, қозғалыс есептері, жанама сұрақтар, жиындар мен логика, геометрия: фигуралардың қиылысуы, симметрия.
Екі мәтінді салыстыру: түрі, стилі, негізгі ойы және тілдік құралдары.
Ауаның құрамы, табиғаттағы су, тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасау, энергия көздері, жылуөткізгіштік.
ББЖМ-2024 есебі бойынша: бұл тақырыптар үш жыл қатарынан ең қиындардың қатарында.
Әр сауаттылық бойынша сынақ тест тапсырып, әлсіз тақырыптарды белгілеу.
Күніне 20–30 минут: оқуда — екі мәтінді салыстыру, математикада — кесте мен диаграммасы бар есептер, жаратылыстануда — тәжірибені түсіндіру.
Толық нұсқаларды ББЖМ уақытымен тапсыру: әр блокқа бөлінген минут ішінде, өткен тапсырмаға оралмай.
Сауаттылықты тексеретін мониторинг. Оқушыға баға қойылмайды: нәтижесі бойынша мектеп пен өңірдегі білім сапасы бағаланады.
Аттестаттаудан өтетін мектептерде жазылады, бағдарламаны білуді тексереді, оқушыға 2–5 бағасы қойылады.
ББЖМ тексеретін математика, оқу және жаратылыстану дағдылары — НЗМ мен БИЛ емтихандарының да негізі. TamshyLab-та куратордың бақылауымен оқып, ата-анаға апта сайын есеп береміз.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу (орысша — МОДО). 4 және 9-сыныптарда өтеді, оқушылардың сауаттылық деңгейін тексереді.
50: математика — 20, жаратылыстану — 20, оқу — 10.
105 минут: математикаға 40, жаратылыстануға 40, оқуға 25 минут, блоктар арасында үзіліс бар.
Жоқ. Оқушыға баға қойылмайды — нәтиже мектеп пен өңірдегі білім сапасын бағалау үшін қолданылады.
Мерзімі әлі жарияланған жоқ, мектептер бұл туралы шамамен бір ай бұрын біледі. 2026 жылы ББЖМ 18–29 сәуір аралығында өтті.
Жоқ. Блок ішінде тапсырмалардың арасында ауысуға болады, бірақ келесі пәнге өткен соң алдыңғысына оралмайсыз.
Оқыту тілінде — қазақша немесе орысша.
Тегін кеңес алыңыз: оқушының деңгейін анықтап, екі айлық жоспар құрамыз.