Тест компьютерде ме, қағазда ма?
Қағазда. Жауаптарды жауап парағына қара сиялы шарикті қаламмен белгілейсіз. Әр тапсырмада 4 нұсқа (A–D), біреуі ғана дұрыс: екі нұсқа белгіленсе, жауап есептелмейді.
Шекті балл бар ма?
Иә. «Өркен» грантына конкурсқа математикадан кемінде 35% (140 балл) және сандық сипаттамалардан кемінде 40% (120 балл) жинағандар қатысады.
«Сандық сипаттамалар» деген не?
Екі шаманы салыстыру: A — бірінші бағандағы шама үлкен, B — екіншісі үлкен, C — екеуі тең, D — анықтауға дерек жеткіліксіз. Бөлімде 60 тапсырма бар.
Тілдік тест неден тұрады?
Бірінші тіл, екінші тіл және ағылшын тілі бойынша 20 тапсырмадан — барлығы 60 тапсырма, 120 минут. Тест мәтінді түсіну мен талдауды тексереді.
Қағаз түрінде қандай құжат керек?
Өтініш пен сауалнама, үміткердің туу туралы куәлігі, ата-ананың жеке куәлігі, ағымдағы оқу жылының табелі (мектеп басшысының қолы мен мөрі бар) және түрлі-түсті фото. Толық тізімі: құжаттар тізімі
Фотоға қандай талап бар?
Түрлі-түсті, ашық фонда, бет толық көрініп тұрады; JPEG, 3×4, 1 МБ-тан аспайды, кемінде 450×600 пиксель. Бас киім мен көзілдірікке болмайды.
Тапсырма үлгілерін қайдан көруге болады?
Ресми үлгілер nis.edu.kz сайтында. Ал НЗМ форматындағы толық сынақ емтиханды TamshyLab-та қазір тапсыруға болады. тапсырма үлгілері
Нәтиже қашан шығады?
Тестілеудің екінші күнінен кейін 40 күнтізбелік күн ішінде nis.edu.kz сайтында.
Сұрағым болса, кімге хабарласамын?
Таңдаған мектептің қабылдау комиссиясына — телефондары жоғарыда.