TamshyLab
TamshyLab

Арнаулы емтихандар

Емтиханды тапсыру үшін университетті таңдаңыз

Жүктелуде…
FAQ

Арнаулы емтихан туралы сұрақ-жауап

Арнаулы емтихан деген не?

Арнаулы емтихан (психотест) — педагогикалық және медициналық бағыттарға қажет қосымша емтихан. Оны тапсырмаса, талапкер 4 таңдауда сол бағыттағы мамандықтарды таңдай алмайды.

Қандай мамандықтар арнаулы емтихан тапсыру керек?

Педагогикалық бағыттар:

  • B001 Педагогика және психология
  • B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
  • B008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау
  • B009 Математика мұғалімдерін даярлау
  • B010 Физика мұғалімдерін даярлау
  • B011 Информатика мұғалімдерін даярлау
  • B012 Химия мұғалімдерін даярлау
  • B013 Биология мұғалімдерін даярлау
  • B014 География мұғалімдерін даярлау
  • B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
  • B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • B017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
  • B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
  • B019 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • B020 Арнайы педагогика

Медициналық бағыттар:

  • B084 Мейіргер ісі
  • BM086 Медицина
  • BM087 Стоматология
  • BM088 Педиатрия
  • BM089 Медициналық-профилактикалық іс
Егер педагогикалық та медициналық та бағыт таңдайтын болсам, екеуін де тапсыруым керек пе?

Иә! Егер талапкер, мысалы, биология – химия пәндерін таңдаған болса және 4 таңдауда педагогикалық та, медициналық та бағытты жазғысы келсе, онда міндетті түрде екі бағыттың да арнаулы емтиханын тапсыруы керек.

Егер грант конкурсына қатыспайтын болсам, яғни ақылы оқитын болсам да арнаулы емтихан тапсыруым керек пе?

Иә! Егер ақылы оқуға тапсыратын болсаңыз да арнаулы емтиханнан өтуіңіз қажет.

Арнаулы емтихан нәтижесінде балл беріле ме, шекті балы бола ма, сәтті өткенімді қалай білемін?

Арнаулы емтиханды тапсырғаннан кейін талапкерге «өтті» немесе «өтпеді» деген нәтиже беріледі. Оны алып ешқайда барудың қажеті жоқ, нәтиже базаға автоматты түрде енгізіледі.

Арнаулы емтиханды қай уақытта тапсыру керек?

Арнаулы емтиханды 20 маусым мен 20 тамыз аралығында тапсыруға болады. Алайда 13–20 шілде аралығында өтетін мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысуды жоспарлаған талапкерлер арнаулы емтиханды 13 шілдеге дейін тапсырып үлгеруі қажет. Себебі арнаулы емтихан нәтижесі болмаса, педагогикалық немесе медициналық бағыттағы білім беру бағдарламалары топтарын грант конкурсына қатысу үшін таңдауға мүмкіндік берілмейді.

Арнаулы емтиханды онлайн тапсыру керек пе, әлде офлайн форматта тапсыру қажет пе?

Арнаулы емтихан форматын талапкер өзі таңдайды: онлайн немесе офлайн тапсыруға болады. Негізгі талап — емтихан нәтижесінде «өтті» деген қорытынды алу.

Арнаулы емтиханды міндетті түрде оқуға түсетін университетте тапсыру қажет пе?

Емтиханды міндетті түрде оқуға түсетін университетте тапсыру міндетті емес. Арнаулы емтихан нәтижесі қай ЖОО-да тапсырылғанына қарамастан, грант конкурсына қатысу үшін жарамды. Талапкер емтиханды кез келген ЖОО-да онлайн тапсыра алады немесе өзіне жақын ЖОО базасында офлайн өте алады.

Арнаулы емтихан нәтижесі басқа ЖОО-ларға жарамды ма?

Иә, арнаулы емтихан нәтижесі барлық ЖОО-ларға жарамды. Емтиханды басқа ЖОО-ға офлайн барып қайта тапсырудың қажеті жоқ. Сертификат ҰТО базасына тіркеледі.

Сертификат алу үшін қай ТЖК кодын көрсету керек?

Сертификат алу кезінде ҰБТ балы ең жоғары болған ТЖК кодын көрсету ұсынылады. Жалпы, екі ТЖК кодының кез келген бірін көрсетуге болады.

Сертификатты қай жерден алуға болады?

Сертификатты жеке кабинетіңіздегі жоғары мәзірде орналасқан «Сертификаттарым» бөлімінен кез келген уақытта жүктеп ала аласыз.

ЖСН немесе ТЖК қате енгізілсе, не істеу керек?

Егер сіз емтиханды сәтті тапсырып, нәтижені жіберу кезінде ЖСН немесе ТЖК кодын қате енгізсеңіз, емтиханды қайта тапсыра алмайсыз. Мұндай жағдайда басқа ЖОО-ның арнаулы емтиханын тапсыру қажет.

Себебі нәтижені жіберу барысында сіз «Деректерді дұрыс енгізгенімді растаймын» деген келісімге белгі қойып, енгізілген мәліметтердің дұрыстығын өзіңіз растаған болып саналасыз.