Алдағы 1–2 күн ішінде барлық жоғары оқу орындарының ресми шекті балдары жарияланады. Барлық ақпаратты EDUSER қосымшасынан бірден көре аласыз.
Назар аударыңыз! Шекті балдың екі түрі бар:
1️⃣ Грант конкурсына қатысуға арналған шекті балл
Әр университет әр мамандық бойынша грант конкурсына қатысу үшін ең төменгі шекті балл белгілейді.
Егер сіздің ҰБТ нәтижеңіз осы шекті балдан төмен болса, 4 таңдау кезеңінде сол университеттің аталған мамандығын таңдай алмайсыз.
2️⃣ Пәндер бойынша ең төменгі шекті балл
Грант конкурсына да, ақылы бөлімге де қатысу үшін әр пәннен төмендегі ең аз балл жиналуы қажет:
• Математикалық сауаттылық – кемінде 3 балл
• Оқу сауаттылығы – кемінде 3 балл
• Қалған барлық пәндер – кемінде 5 балл
❗ Мысалы, егер Математикалық сауаттылықтан 2 балл алсаңыз, жалпы ҰБТ балыңыз жеткілікті болса да, грант конкурсына да, ақылы оқуға да қатыса алмайсыз.
📲 Барлық университеттердің ресми шекті балдары жарияланған сәтте оларды EDUSER қосымшасынан бірінші болып көре аласыз.

Пікірлер