Алдағы 1–2 күн ішінде педагогикалық квота бойынша грант саны ресми түрде белгілі болады. Грант санын EDUSER қосымшасынан көре аласыздар.
Педагогикалық квота дегеніміз не?
Педагогикалық квота, қысқаша пед.квота — тек педагогикалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант түрі.
Бұл грант нақты бір университетке және нақты бір педагогикалық мамандыққа бекітіледі.
Яғни, пед.квота жалпы конкурс сияқты бірнеше университетке ортақ болмайды.
Мысалы: белгілі бір университеттің белгілі бір педагогикалық мамандығына 15 пед.квота гранты бөлінуі мүмкін. Бұл грант дәл сол университет пен сол мамандыққа ғана тиесілі болады.
Пед.квотаның жалпы конкурстан басты айырмашылығы:
Жалпы конкурста грант білім беру бағдарламалары тобы бойынша бөлінеді, ал пед.квотада грант нақты ЖОО + нақты мамандыққа бөлінеді.
Маңызды ақпарат:
Егер талапкер пед.квота арқылы грант жеңіп алса, кейін дәл сол мамандық бойынша басқа университетке грантын сақтап ауыса алмайды. Себебі бұл грант нақты бір университет пен нақты мамандыққа бекітілген.
✅ Пед.квота да мемлекеттік грант түріне жатады.
✅ Пед.квота бойынша оқуға түскен студентке де стипендия беріледі.
📲 Пед.квота бойынша ресми грант саны жарияланғаннан кейін оны EDUSER қосымшасынан көре аласыздар.

Пікірлер